Астық импортына тыйым

Еуропа Одағы шешімге нарызылық көрсетті.

1975767
Астық импортына тыйым

Польша мен Венгрия жергілікті өнімдерді қорғау үшін Украинадан астық және азық-түлік өнімдерін сатып алуға тыйым салды.  Еуропа Одағы шешімге нарызылық көрсетті.

ЕО Комиссиясының егіншілік және саудаға жауапты мәлімдемешісі Мириам Гарция Феррер «бір жақты істер қабылданбайды» деді.

Феррер Польша және Венгрияның тыйымға байланысты хабарламаларын қадағалап отырғандарын айтып, «Сауда саясаты ЕО-ның ерекше өкілеттігінде. Сондықтан бір жақты істер қабылданбайды» деді. Ол соңғы кезде ЕО ішіндегі осындай шешімдерді үйлестірудің өте маңызды екенін атап көрсетті.

2022 жылдың 24 ақпан күні Ресей Украинаға шабуылдай бастап, Қаратеңіз порттарынан көп уақытқа дейін астық жөнілтілмеген еді. Артынан Украинаның астығы Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне жіберіле бастаған болатын. Осы жағдайдан әсіресе аймақ елдеріндегі жергілікті өндірушілер шағымданған еді. 

Польша мен Венгрияда диқандар Украинадан арзан астықтың импортының тоқтатылуын сұрап келген болатын. Әсіресе Польшада диқандар жиі-жиі шеру ұйымдастырды.

Екі ел Украинадан келген астық пен азық-түлікке уақытша тыйым салынуына шешім қабылдады. Польша аталмыш өнімдердің транзит өтуіне де рұқсат берілмейтінін хабарлады.

Тыйым шеңберіндегі өнімдер тізімінде астық, қант, сүт және сүт өнімдерін орын алады.



Ұқсас жаңалықтар