«G7» елдерінің қаржы министрлері жиналды

«Үлкен жетілік» (G7) елдерінің қаржы министрлері Украинаға қолдау уәдесінің 2023 жылы үшін 39 миллиард долларға көбейтілгенін  хабарлады.

1950891
«G7» елдерінің қаржы министрлері жиналды

«Үлкен жетілік» (G7) елдерінің қаржы министрлері Украинаның қажеттіліктеріне сәйкес бюджеттік және экономикалық қолдау уәдесінің 2023 жылы үшін 39 миллиард долларға көбейтілгенін  хабарлады.

Құрамында Америка Құрама Штаттары, Германия, Ұлыбритания, Канада, Франция, Италия және Жапониядан тұратын «Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк бас директорлары Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдеменің басында Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкіністері салдарынан қайтыс болғандарға қаииы қайғырғаны және жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қолдаудың жалғасқаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Ресей-Украина соғысының бір жыл толу қарсаңында соғыс және Ресейдің азық-түлік пен энергетиканы қаруға айланыдрудан туындаған жаһандық экономикалық қиындықтарды шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға табандылық ерекше атап өтілді.

Мәлімдемеде «Украина үкіметінің қажеттіліктеріне сәйкес 2023 жылы үшін бюджеттік және экономикалық қолдау уәдімізді 39 миллиард долларға арттырдық» делінді.

Мәлімдемеде «Біз санкцияларымызды орындау және санкциялардан бас тарту немесе жалтақтау әрекеттеріне жол бермеу үшін әріптестерімізбен тығыз бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз. Осы тұрғыда біз басқа елдерді Ресейге қарсы санкцияларымызға қосылуға шақырамыз » деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар