Жолаушы саны өсті

Түрік әуе жолдарының жолаушылар саны қаңтар айында 6,1 миллионға жетті.

1946455
Жолаушы саны өсті

Түрік әуе жолдарының (ТЭЖ) жолаушылар саны қаңтар айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 56 пайыз артып, 6,1 миллионға жетті.

ТЭЖ жариялау платформасында  жариялаған мәлімдемеде 2022 жылдың қаңтарында 3,9 миллион болған жалпы жолаушылар санының 2023 жылдың осы кезеңінде 56 пайызға өсіп, 6,1 миллионға жеткені айтылды.

Мәлімдемеде 2022 жылдың қаңтарында 1,3 миллион болған халықаралық трансфер жолаушылар санының 2023 жылдың бірдей кезеңінде 2,3 миллионға өскені және 2023 жылдың қаңтарында жолаушы сыйымдылық деңгейінің 80,7 пайыз болғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар