Ресейдің энергия табысы артты

Новак елінің өткен жылы мұнай өндірісі мен экспортын арттырғанын мәлімдеді.

1933282
Ресейдің энергия табысы артты

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак елінің өткен жылы мұнай өндірісі мен экспортын арттырғанын мәлімдеді.

«2022 жылы мұнай және табиғи газ секторынан түсетін бюджет кірісі 28 пайызға өсіп, 2,5 триллион рубльді құрады» деді ол.

Александр Новак ел астанасы Мәскеуде үкімет өкілдерімен өткізген кездесуде Ресей энергетика секторының 2022 жылға арналған өндіріс және экспорт көрсеткіштері туралы мәлімдеме жасады.

Ресей мұнай секторының «дос емес» елдердің санкцияларына қарамастан 2022 жылды тиімді аяқтағанына назар аударған Новак «Өткен жылы 535 миллион тонна мұнай өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 миллион тоннаға, яғни 2 пайызға өсті деген сөз” деді.

Мұнай экспортының да өткен жылы 2021 жылға қарағанда 7 пайызға артқанын айтқан Новак «2022 жылы мұнай және табиғи газ секторынан түсетін бюджет кірісі 28 пайызға өсіп, 2,5 триллион рубльді (шамамен 37 миллиард доллар) құрады» деді.



Ұқсас жаңалықтар