Доха «2023 жылғы Араб Туризм астанасы» болды

Араб Туризм ұйымы Катардың астанасы Доханы «2023 жылғы Араб Туризм астанасы» деп таңдады.

1918980
Доха «2023 жылғы Араб Туризм астанасы» болды

Араб лигасы аясында жұмыс істейтін Араб Туризм ұйымы Катардың астанасы Доханы «2023 жылғы Араб Туризм астанасы» деп таңдады.

Катардың ресми ақпарат агенттігі "QNA-ның" хабарына қарағанда Араб Туризм ұйымы Министрлер кеңесінің 25-ші отырысы Мысырдың астанасы Каирде Араб Лигасының орталығында ұйымдастырылды.

Кездесуде Доха «2023 жылғы Араб Туризм астанасы» болып таңдалды.

Катардың Араб Лигасындағы тұрақты өкілі Салим Мүбарак Әл Шафи Доханың сайлануына байланысты Араб Туризм ұйымына алғысын білдірді.

Әл Шафи бұл сайлаудың Доханың 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу арқылы барлық араб халықтары мен әлем елдерінің назарын аударған орталыққа айналғанының белгісі екенін айтты.

"Катар Әлем чемпионатында жақсы үй иесі екенін және ұйымдастырушылық күшін дәлелдеді. Әлем чемпионатының жанкүйерлері болып табылатын дүние жүзіндегі миллиардтаған адам да төзімділік пен жақсы қарым-қатынастың куәсі болды. Сонымен бірге әлемнің әртүрлі елдерінен Әлем чемпионатының матчтарын тамашалауға келген жүзмыңдаған адам Катар мемлекетінің жанкүйерлерге деген қонақжайлығының куәсі болды. Осы арқылы Катар Әлем чемпионатын өткізуге қауқарсыз деген жалған ақпараттың негізсіз екенін айқындады» деді Салим Мүбарак Әл Шафи.

Катардың 2022 жылғы Футболдан Әлем чемпионатын ұйымдастыру табысының барлық арабтар үшін табыс деп бағаланғанын білдірген Әл Шафи бұл табыстың Доханың "2023 Араб Туризм астанасы" болып сайлануымен дәлелденгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар