Табиғи газ қоймасының екінші сатысы ашылады

Қойманы президент Ердоған ашады.

1917732
Табиғи газ қоймасының екінші сатысы ашылады
silivri dogal gaz depolama tesisi.jpg
dogal gaz.jpg

Сыйымдылығын арттыру жұмыстары аяқталған Силиври табиғи газ қоймасының екінші сатысын президент Режеп Тайып Ердоған 16 желтоқсанда ашады.

Энергия және табиғи ресурстар министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігі саласында тағы бір алпауыт инвестицияны іске қосуда.

Түркияның 3,2 миллиард текше метр сақтау сыйымдылығы және 28 миллион текше метр күнделікті өндіру қуаты бар алғашқы жер асты табиғи газ нысаны болып табылатын BOTAŞ-қа тиесілі Силиври табиғи газ қоймасының қуатын арттыру мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілді. Теңіз үстінде 2 платформа орнатылды, 18 ұңғыма кеңейтілді.

Осылайша екінші сатысы іске қосылатын нысанның қуаттылығы 4,6 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылып, оның тәуліктік кері өнімі 75 миллион текше метрге дейін арттырылды. Бұл жағдайда алып нысан Түркияның жылдық табиғи газ қажеттілігінің шамамен 8 пайызын қанағаттандыра алады.

Күнделікті кері өндірістік қуаттылығымен бұл нысан қыстың ең қатал күндерінде қажеттіліктің төрттен бірін қамтамасыз етеді.

Нысанның электр энергиясына деген қажеттілігі орнатылған қуаты 4,2 мегаватт болатын жел турбинасы арқылы қамдалады.

Жаңа қуатымен қызмет ететін алып нысанды президент Ердоған 16 желтоқсанда салтанатты түрде ашады.



Ұқсас жаңалықтар