Ресей жаңа нарықтарға бет бұруда

Путин саудада жаңа нарықтарға бет бұрғандарын мәлімдеді.

1911965
Ресей жаңа нарықтарға бет бұруда

Ресей президенті Владимир Путин саудада жаңа нарықтарға бет бұрғандарын мәлімдеді.

Путин «Халықаралық сауда дағдарысқа ұшырады. Ресей импорты мен экспортын жаңа нарықтарға қайта бағыттау үшін кең ауқымды шараларды жүзеге асыруда» деді.

Владимир Путин ел астанасы Мәскеуде ресми сапарда болған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ресейдің Орынбор қаласында өткен Ресей-Қазақстан аймақтық форумына онлайн режимі арқылы қатысты.

Ресейдің Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған елдердің бірі екеніне назар аударған Путин «Қазақстанға салған инвестициямыз шамамен 17 миллиард долларға жетті. Ел экономикасының барлық негізгі салаларында 30-дан астам бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда» деп көрсетті.

Қазақстанмен бірлескен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту қадамдарды талқыланғанын атап өткен Владимир Путин «Біз сондай-ақ сауда мен инвестицияға әсер ететін шектеулерді алып тастауды ойласытрып жатырмыз. Бұл әсіресе бүгінгі күні маңызды. Халықаралық сауда дағдарысқа ұшырады. Ресей өз импорты мен экспортын жаңа нарықтарға бет бұру үшін кең ауқымды шараларды жүзеге асыруда» деді.

Форумда сөз сөйлеген  кейін Путин мен Тоқаев  Мәскеуде Кремль сарайында екіжақты келіссөздер өткізді.



Ұқсас жаңалықтар