Фрида Калоның автопортреті 8.63 миллион долларға сатылды
Фрида Калоның сирек қолданылатын фреска техникасымен туындысы аукционда 8.63 миллион долларға сатылды.
Әлемге әйгілі мексикалық суретші Фрида Калоның өзі ұнатпай, қоқысқа тастаған автопортреті аукционда 8.63 миллион долларға сатылды.
Фрида Калоның 1933 жылы салған және ұнатпаған соң «Автопортрет. Өте ұсқынсыз» (Autorretrato. Muy feo) деп атап, кейін лақтырып тастаған туындысы бейсенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы "Christie's" аукцион үйінде өткен аукционда атын жарияламаған бір адам сатуға ұсынған.
Фриданың сирек қолданылатын фреска техникасымен салған өлшемі 22.2 және 27.3 сантиметрге дейінгі аралықтағы автопортретіне сату алдында 7-10 миллион доллар аралығында баға белгіленді, туынды аукционда 8.63 миллион долларға сатылды.
Фриданың қоқысқа лақтырып тастаған еңбегін Люсьен Блох атты досы тауып алып, жасырын түрде аукционда сатқаны межеленуде.
Өткен жылы Фрида Калоның «Диего және мен» атты туындысы 34.9 миллион долларға сатылды.
Бұл еңбек суретшінің осы уақытқа дейінгі ең қымбатқа сатылған картинасы болды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркия мен Ирак арасындағы сауда көлемін 30 миллиард долларға жеткізу жоспарланды
«Түркия-Ирак Экономикалық және Сауда Ортақ Комитетінің» 1-ші отырысы болып өтті.
Шығыс Қаратеңіз аймағының экспорт кірісі артты
Бұл туралы Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеді.