Иран мен Ресей табиғи газ келісімін жасады
Иранның Мұнай министрі Джевад Учи министрлер кабинеті отырысынан кейін тілшілерге сұхбат беріп
Иранның Мұнай министрі Джевад Учи Ресеймен табиғи газ кеніштерін игеру және экспорттауды қамтитын шамамен 4 миллиард долларлық келісімге қол қойғандарын айтты.
Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA-ның хабарлауынша, Учи министрлер кабинеті отырысынан кейін тілшілерге сұхбат беріп, энергетика саласындағы өзгерістерге тоқталды.
Учи «Біз Ресеймен табиғи газ кен орындарын игеру және экспорттау үшін электр беру желілері бойынша шамамен 4 миллиард долларға келісім жасадық» деген сөздер қолданды.
Ресейдің Газпром энергетикалық компаниясымен шамамен 40 миллиард долларлық алдын ала келісімге қол қойғандарын еске салған Учи Ресейдің басқа бір энергетикалық компаниясы ЗН Востоктың да Иранға инвестиция салғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды
Түрік авиакомпаниясының ұшағы бүгін таңертең Стамбул әуежайынан Бенгазиге ұшты.