Автомобиль өнеркәсібі экспорты артты

Қазан айында ең үлкен нарық Германияға экспорт 15 пайыз өсіп, 404 миллион долларды құрады.

1902746
Автомобиль өнеркәсібі экспорты артты

Түркияның автомобиль өнеркәсібі қазан айында 2.65 миллиард долларлық өнім экспорттады.

Улудаг Автомобиль өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығы жасаған мәлімдемеге қарағанда түрік автомобиль өнеркәсібінің қазан айында экспорты өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 1.8 пайыз артып, 2.65 миллиард долларға жетті.

Жалпы экспорттағы үлесін 12.4 пайыз арттырған автомобиль өнеркәсібінің биылғы жылдың қаңтар-қазан кезеңіндегі экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 пайыз артып, 25 миллиард долларға жетті.

Қазан айында ең үлкен нарық Германияға экспорт 15 пайыз өсіп, 404 миллион долларды құрады.

Ұлыбритания 9 пайыздық өсіммен 285 миллион долларлық экспорт көрсеткішімен екінші ең үлкен нарық болса, үшінші ірі нарық Францияға экспорт 12 пайыз төмендеп, 252 миллион доллар болды.

Экспорт Бельгияға 32 пайыз, Ресейге 23 пайыз, Румынияға 21 пайыз, Португалияға 79 пайыз және Чехияға 81 пайыз өсті.



Ұқсас жаңалықтар