ЕӘЖ «Бес жұлдызды жаһандық әуе жолы» атанды

«APEX World Class 2023» марапатына тек 8 әуе компаниясы лайық деп қаралды.

1901243
ЕӘЖ «Бес жұлдызды жаһандық әуе жолы» атанды

Түріу Әуе Жолдары әлемдегі ең сенімді және құрметті авиация ұйымдарының бірі болып саналатын "Airline Passenger Experience Association" (APEX) тарапынан «APEX World Class» және «Bes Star Global Airline 2023» марапаттарына лайық деп танылды. 

Түріу Әуе Жолдары баспасөз басқармасының мәлімдемесіне қарағанда "APEX" бағалаулары әлем бойынша шамамен 600 әуе компаниясының жолаушылар орындайтын 1 миллионнан астам рейс рейтингтерімен анықталады.

Денсаулық қауіпсіздігі, тұрақтылық және қонақ тәжірибесі ережелеріне негізделген "APEX" жүргізген тәуелсіз сынақтар нәтижесінде Түрік Әуе Жолдары екінші рет қатарынан «APEX World Class» сыйлығын жеңіп алды.

Биыл екінші рет өткізілген және әлемдегі аздаған авиакомпанияларға берілген «APEX World Class 2023» марапатына тек 8 әуе компаниясы лайық деп қаралды.

Әлемдегі ең көп бағытқа ұшатын Түріу Әуе Жолдары да жолаушылар рейтингі бойынша биыл алтыншы рет «Бес жұлдызды жаһандық әуе жолы» атанды.

"APEX" ұсынған марапаттар 26 қазанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы  Лонг-Бичте өткен "APEX/IFSA EXPO" көрмесінде иелеріне табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар