Түркияның туризм кірісі артып келеді

Түркия Статистика Институты осы жылдың шілде-қыркүйек айларының туризм статистикасын жариялады.

1898538
Түркияның туризм кірісі артып келеді

Түркияның туризм кірісі жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27.1 пайыз артып, 17 миллиард 952 миллион 361 мың долларға жетті. 

Түркия Статистика Институты осы жылдың шілде-қыркүйек айларының туризм статистикасын жариялады.

Осыған сәйкес туризмнен түскен кіріс үшінші тоқсанда өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 27.1 пайызға артты. Аталған кезеңде туризмнен түскен табыс 17 миллиард 952 миллион 361 мың доллар болды.

Осы мезгілде Түркияға келген шетелдіктер 75.1 пайызбен көбіне «саяхат, ойын-сауық, спорт және мәдени іс-шаралар» үшін келген.

Қаңтар-қыркүйек кезеңінде Түркияның туризм кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,9 пайыз артып, 35 миллиард 28 миллион 540 мың долларға жетті.

Сол кезеңде иуристер саны 94 пайызға артып, 39 миллион 390 мың 915 адамға көбейді.

 



Ұқсас жаңалықтар