«Seven Seas Explorer» кемесі Анталияға келді

Алания айлағына келіп тоқтаған кемеде 583 жолаушы мен 550 қызметкер бар, олардың көпшілігі америкалықтар.

1898621
«Seven Seas Explorer» кемесі Анталияға келді

Маршалл аралдары жалауы бар «Seven Seas Explorer» круиздік кемесі Анталияның Алания қаласына келді.

Кипрдің Лимассол қаласынан жолға шыққан соң бағытын Анталияға бұрған 224 метрлік алып круиздік кеме Аланияға жетті.

Алания айлағына келіп тоқтаған кемеде 583 жолаушы мен 550 қызметкер бар, олардың көпшілігі америкалықтар.

Кедендік тіркеулерден кейін кемеден түскен туристердің біразы турларға қатысып, байырғы қала қалдықтарын аралады, ал кейбіреулері ауданда базарға шығып сауда жасады.



Ұқсас жаңалықтар