Мысыр ХАҚ-мен несие келісіміне келді

Мысыр Қаржы министрі Мұхаммед Муит Халықаралық Ақша Қорымен келісіміне байланысты бас қала Каирде баспасөз мәслихатын өткізді.

1898630
Мысыр ХАҚ-мен несие келісіміне келді

Мысыр Халықаралық Ақша Қорымен  3 миллиард долларлық несие келісіміне қол қойылғанын жариялады.

Мысыр Қаржы министрі Мұхаммед Муит Халықаралық Ақша Қорымен келісіміне байланысты бас қала Каирде баспасөз мәслихатын өткізді.

6 айлық реформа бағдарламасы аясында Халықаралық Ақша Қорымен 3 миллиард долларлық несие келісімін жасағандарын айтқан Муит 1 миллиард доллардың Тұрақтылық қорынан және 5 миллиард доллардың басқа халықаралық серіктестерден қамдалатынын айтты.

Мысырдың Орталық банкі жергілікті валютаның шетел валютасына шаққандағы құнсыздануының алдын алу үшін бірқатар шараларды жүзеге асырғанын  жариялады.



Ұқсас жаңалықтар