Түрік Әуе Жолдары арзан билет сатып жатыр

Түрік Әуе Жолдары Орталық және Солтүстік Еуропаға 149 доллардан басталатын екі жақты рейстердің билеттерін сатуда.

1888908
Түрік Әуе Жолдары арзан билет сатып жатыр

Түрік Әуе Жолдары Орталық және Солтүстік Еуропаға барлығын қосқанда 149 доллардан басталатын екі жақты рейстердің билеттерін ұсынады.

Түрік Әуе Жолдары жасаған мәлімдемеге қарағанда әлемнің ең көп еліне ұшатын әуе компаниясы Түрік Әуе Жолдары Орталық және Солтүстік Еуропаның көптеген бағыттарына тиімді бағамен саяхаттау мүмкіндігін береді.

Шектеулі орындарға жарамды науқаннан пайдаланғысы келетіндер 2022 жылы 5-15 қазан арасында 149 долларға сатып алатын билеттермен Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Франкфурт, Бремен, Гамбург, Ганновер, Лейпциг, Мюнхен, Нюрнберг және Штутгарт қалаларына 2022 жылдың 1 қарашасынан 2023 жылдың 15 наурызына дейін  бара алады.

Осы уақыттар бойынша Базельге, Венаға, Зальцбургке және Цюрихке 169 долларға, Женеваға 199 долларға, Лондонға 209, Амстердам, Люксембург және Брюссельге 246, Стокгольм мен Ослоға 249, Хельсинкиге 269, Копенгагенге, Бирмингемге, Эдинбургке 279 долларға, Дублинге 289 долларға, Гетеборг пен Биллундқа 299 долларға және Манчестерге 259 доллардан басталатын рейстер артықшылығымен ұшу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Компания науқаны аясында жарамды бағалар Түрік Әуе Жолдарының ресми сайтының алымдары болып табылады, бірақ билет бағалары кассалар мен агенттіктерде өзгеруі мүмкін.

Саяхат кезеңдері мен науқан туралы толық ақпаратты «www.turkishairlines.com» веб-мекен-жайынан, «444 0 849» телефон нөмірі арқылы байланыс орталығынан немесе сату кеңселерінен алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар