Түркияның экспорты 9,2 пайыз өсті

Бұл көрсеткіш ең жоғары қыркүйек айы экспорт деректері ретінде тіркелді.

1888155
Түркияның экспорты 9,2 пайыз өсті

Түркияның экспорты қыркүйек айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 9,2 пайыз артып, 22 миллиард 616 миллион долларға жетті.

Сауда министрлігінің қыркүйек айының уақытша сыртқы сауда статистикасынан тұратын мәліметтер бюллетені жарияланды.

Осыған қарағанда Жалпы Сауда жүйесі деректері назарға алынғанда экспорт қыркүйек айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 9,2 пайыз артып, 22 миллиард 616 миллион долларға өсті.

Бұл көрсеткіш ең жоғары қыркүйек айы экспорт деректері ретінде тіркелді.

Қыркүйек айында ең көп экспорт жасаған елдер 2 миллиард 2 миллион доллармен Германия, 1 миллиард 378 миллион доллармен АҚШ және 1 миллиард 277 миллион доллармен Ирак болды.



Ұқсас жаңалықтар