Газпром Иранмен келісімге келді

Иран мемлекеттік телеарнасы келісімге екі елдің лауазымды тұлғалары қол қойғанын хабарлады.

1856799
Газпром Иранмен келісімге келді

Ресейдің Газпром энергетикалық компаниясы Иранмен осы елдегі мұнай және табиғи газ кен орындарына 40 миллиард доллар инвестиция салуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Иран мемлекеттік телеарнасы келісімге Иранның Ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің Газпром энергетикалық компаниясының лауазымды тұлғалары ел астанасы Теһранда қол қойғанын хабарлады.

Иранның Ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Мухсин Хожестемехр бұл меморандумды «өз елінің мұнай секторындағы ең ірі шетелдік инвестиция келісімі» деп сипаттады.

«Ұлттық мұнай компаниясы мен «Газпром» арасында 40 миллиард доллар инвестицияны көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды» деген Хожестемехр Газпромның Парсы шығанағындағы Солтүстік Парс пен Киш аралы маңындағы Иранның газ кеніштерін игеру және Иранның сұйытылған табиғи газ (LNG) жобаларын аяқтау үшін ондаған миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар