Шри-Ланка Ресейден несие сұрады

Шри-Ланка жанармай дағдарысы, электрдің үзілісі, азық-түлік пен қатынас бағасының артуы себепті ауыр күндер өткізіп жатыр.

1852922
Шри-Ланка Ресейден несие сұрады

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесіп, экономикалық дағдарыспен күресіп жатқан еліне несиелік көмек сұрады.

Готабая Раджапакса Твиттер желісінен Владимир Путинмен телефонда сөйлескенін бөлісті.

Готабая Раджапакса телефондағы кеңестің ойдағыдай өткенін білдіріп, елінің жанармай импорты үшін  Владимир Путиннен несиелік қолдау сұрағанын айтты.

Шри-Ланка жанармай дағдарысы, электрдің үзілісі, азық-түлік пен қатынас бағасының артуы себепті ауыр күндер өткізіп жатыр. 

Премьер-министр Ранил Викремесингхе 22 маусымдағы мәлімдемесінде ел экономикасының құлдырағанын және мұнай импорты үшін қаржы табылм ағанын хабарлаған болатын.

Халықаралық Ақша қорымен құтқару пакеті бойынша келіссөздердің нәтижесін күтпестен, биылғы уақыты толған 7 миллиард долларлық сыртқы қарызын өтей алмайтынын жариялаған елдің 2026 жылға дейін жылдық орташа 5 милилард доллар төлеуі қажет.



Ұқсас жаңалықтар