Эфиопияда Биткоин криптовалютасы шектелді

Эфиопия Орталық банкі елдегі Биткоин криптовалютасын қолданушыларға қарсы қажетті заңдық шаралар жасалатынын білдірді.

1838612
Эфиопияда Биткоин криптовалютасы шектелді

Шығыс Африка мемлекеті Эфиопияда Биткоин криптовалютасын пайдалануға тыйым салынды.

Эфиопия Орталық банкінің (NBE) мәлімдемесінде елдегі Биткоин криптовалютасын қолданушыларға қарсы қажетті заңдық шаралар жасалатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Эфиопияда Биткоин жұмыстарының заңсыз екені және осы жолмен жұмыс бітірушілерге қарсы қажетті заңдық шаралар жасалатыны атап көрсетілді.

Африкада тұңғыш рет Орта Африка Республикасында Биткоин криптовалютасы төлем құралы ретінде қолданылған. Орта Африка Республикасы Сальвадордан кейін биткоинді төлем құралы ретінде қабылдаған екінші ел болды.



Ұқсас жаңалықтар