Польша Ресейден газ алып жатыр

Сергей Куприянов: "Ямал-Еуропа құбыр желісі арқылы кері ағынмен Польшаға газ айдаудамыз" деді.

1820073
Польша Ресейден газ алып жатыр

Ресейлік «Газпром» энергетикалық компаниясының өкілі Сергей Куприянов Польшаның бұдан былай ресейлік табиғи газға мұқтаж емес екені жайлы мәлімдемелер жасағанын айтып:

"Алайда бұл шындыққа үйлеспейді. Тікелей тасымал тоқтағаннан кейін Польша орыс газын Германия арқылы алуда" деді.

Бұл туралы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі хабарында Сергей Куприянов астана Мәскеудегі мәлімдемесінде Польшаның Ресейден газ тасымалы үшін рубль жүйесімен ақша төлеуді қабылдамағанын ескертті.

Сергей Куприянов:

"Ямал-Еуропа құбыр желісі арқылы кері ағынмен Польшаға газ айдаудамыз" деді.

Польшаның кері ағын жүйесімен күнде мөлшермен 30 миллион текше метр табиғи газ алғанын айтқан Сергей Куприянов аталмыш мөлшердің Газпром мен Польша арасындағы табиғи газ келісіміндегі өлшемге жақын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар