Песковтың Ресей экономикасы туралы мәлімдемесі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей экономикасын бағалады.

1820689
Песковтың Ресей экономикасы туралы мәлімдемесі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей рублінің алтын және валюталық құны бар түрлі тауарларға индекстеу мәселесінің талқыланғанын айтты.

Песков бас қала Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Ресей экономикасын бағалады.

«Ресей рублін алтынға немесе валюталық құны бар түрлі тауарларға индекстеу мәселесі күн тәртібінде ме?» деген сұраққа қайтарған жауабында Песков «Қазір бұл мәселе талқылануда» деді.

Дмитрий Песков АҚШ президенті Джо Байденнің санкциялар тізіміндегі ресейлік олигархтардың активтерін кепілдікке алып, оларды Украина халқына көмектесу үшін сатуға рұқсат беру туралы Конгресстен жауапкершілік сұрауымен байланысты мәлімдеме жасады.

Бұл жағдайдың өте қауіпті үлгі екеніне тоқталған Песков кез-келген бір құқықтық норманы ашық түрде бұрмалау жалпы барлық құқықтық ұғымдарды бұзуды білдіретінін айтты.

Бұл жағдайдың терең түсінбеушілік тудыратынын атап өткен орыс мәлімдемеші «Бұл жеке меншікті тәркілеу және оны заңдастырудан басқа ештеңе емес» деді.

Осы орайда Ресейдің Қаржы министрлігі сыртқы қарызға бағытталған облигациялар бойынша төлемдердің доллармен жүргізілетінін хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде экспорт құжаттарында көрсетілген шарттарға сәйкес тиісті міндеттемелердің орындалғаны айтылды.

Батыс елдерінің санкцияларына байланысты Ресейдің мерзімі өткен сыртқы қарыздары бойынша дефолтқа ұшырау мүмкіндігі алаңдаушылық туғызды.



Ұқсас жаңалықтар