Илон Маскка Твиттер үшін арыз түсті

Ортақтар Илон Масктың Твиттердің кемінде 5 пайыздық акциясын 14 наурызда сатып алғанын, алайда мұны 4 сәуірге дейін әдейі хабарламағанын білдірді.

1811922
Илон Маскка Твиттер үшін арыз түсті

Америка электромобиль өндіруші Tesla компаниясының Бас директоры Илон Маскка Твиттердің акциясын сатып алғанын кеш хабарлағаны себепті бұрынғы ортақтар тарапынан сот ашылды.

Твиттердің бұрынғы ортақтары компания акциясын сатып алу барысында заңға қайшылық жасалғанын алға тартып, Илон Маскка қарсы Нью-Йорк штатының сотына шағым түсірді.

Арызданушылар Tesla компаниясының Бас директоры Илон Масктың Твиттердің акциясын сатып алғанын кеш хабарлап, әлеуметтік медиа компаниясы акциясының жоғарлауын тосқанын, осы арқылы бұрынғы ортақтарды зиянға ұшыратқанын алға тартты.

Ортақтар Илон Масктың Твиттердің кемінде 5 пайыздық акциясын 14 наурызда сатып алғанын, алайда мұны 4 сәуірге дейін әдейі хабарламағанын білдірді.

Америка Құрама Штаттарының Құнды қағаздар және Биржалар жөніндегі комиссиясы 4 сәуірде Маск Twitter-дің 9.2 пайыздық «пассивті акциясын» сатып алғанын хабарлады. Осы хабардан кейін Твиттер үлесі сессия алдындағы транзакцияларда  26 пайызға өсіп, 50 доллар деңгейіне жетті.

Америка Құрама Штаттарының Құнды қағаздар және Биржалар жөніндегі комиссиясының тәртібіне сай инвесторлар бір компанияның 5 пайызын сатып алған кезде 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.



Ұқсас жаңалықтар