Түркияның шай экспорты артты

Түркия шай экспортынан 5 миллион 271 мың 933  доллар кіріс түсірді.

1811821
Түркияның шай экспорты артты

Түркия биыл қаңтар-наурыз маусымында 84 елге 1 мың 660 тонна шай экспорт жасап, 5 миллион 271 мың 933  доллар кіріс түсірді. 

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда шай ең көп  Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Голландия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасына экспорт етілді.

Осы маусымда Бельгияға  847 мың 988, Ұлыбританияға 825 мың 938, Германияға 825 мың 938, Голландияға 432 мың 35 және Солтүстік Кипр Түрік Республикасына 415 мың 82 долларлық шай сатылды. 



Ұқсас жаңалықтар