Түркияның ұсақталған қызыл бұрыш экспорты артты

Түркияның ұсақталған қызыл бұрыш экспорты 2 миллион 527 мың долларға ұласты.

1809778
Түркияның ұсақталған қызыл бұрыш экспорты артты

Түркияның ұсақталған қызыл бұрыш экспорты жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде 2 миллион 527 мың долларға жетті.

Оңтүстік шығыс Анадолы экспорттаушылар бірлестігінің дереккөздерінен алынған мағлұматтарға қарағанда 2021 жылы Түркиядан 9 миллион 222 мың доллар қызыл бұрыш түйіршігі экспорты жасалды.

Өткен жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде экспорттан 2 миллион 296 мың доллар пайда түссе, биылғы жылдың бірдей кезеңінде 10 пайыздық өсім тіркелді.

67 елге жасалған сыртқы саудадан 2 миллион 527 мың доллар кіріс қамтамасыз етілді.

Ұсақталған қызыл бұрыш экспортында 614 мың доллармен Германия бірінші орында.

Германияның артынан 313 мың доллармен Ұлыбритания және 311 мың доллармен Нидерланды келеді.



Ұқсас жаңалықтар