Түрік ақсеркесі Испанияда таныстырылады

Барселонада өтетін «Жаһандық теңіз өнімдері көрмесі» жәрмеңкесінде Қаратеңіздің ақсерке балығының ерекшеліктері таныстырылады.

1808978
Түрік ақсеркесі Испанияда таныстырылады

Түрік ақсерке балығы Испанияда 26-28 сәуірде ұйымдастырылатын жәрмеңкеде таныстырылады.

Барселонада өтетін «Жаһандық теңіз өнімдері көрмесі» жәрмеңкесінде еуропалық саудагерлерге Қаратеңіздің ақсерке балығының ерекшеліктері таныстырылады және экспортта жаңа нарықтар қарастырылады. 

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гурдоған жәрмеңкеде ұйым ретінде ашатын 42 текше метрлік  алаңда түрік ақсерке балығының мұздатылған, жаңа және кептірілген өнімдері көрмеге қойылатынын, таныстыру кітапшаларында өнімнің ерекшеліктері мен басқа өнімдерден айырмашылығы, артықшылығы баяндалатынын айтты.

Гурдоған:

"Жәрмеңкеге қатысатын еуропалық саудагерлерге Қаратеңіз ақсерке балығының ерекшеліктерін таныстыру арқылы тың мүмкіндіктер жаратуды үміт етудеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар