АҚШ Еуропа Одағына тіпті көп сұйытылған табиғи газ жібереді

АҚШ Еуропа Одағының энергияда Ресейге тәуелділігін азайту үшін биыл қосымша15 миллиард текшеметр сұйытылған табиғи газ жібереді.

1802024
АҚШ Еуропа Одағына тіпті көп сұйытылған табиғи газ жібереді

Америка Құрама Штаттары Еуропа Одағының энергияда Ресейге тәуелділігін азайту үшін биыл қосымша15 миллиард текшеметр сұйытылған табиғи газ жібереді. 

АҚШ президенті Джо Байден және Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-тың Бельгияның астанасы Брюссельдегі елшілік ғимаратында мәлімдеме жасады. 

АҚШ және Еуропа Одағының энергияда Ресейгетәуелділігін  азайту үшін бас қосқандарын білдірген Байден "Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ортақ бір стратегия жайлы келістік" деді. 

Энергияда Ресейге тәуелділігін азайту үшін биыл  Еуропаға қосымша 15 миллиард текшеметр сұйытылған табиғи газ жіберу жайлы Еуропа Одағымен келіскендерін түсіндірген Джо Байдан Еуропаның Ресей газына деген тәуелділігін мүмкіндіктің барынша тезірек азайтуға жәрдем беретіндерін айтты. 

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен де Еуропаның энергия сұрасынтарын түрлендіргісі келгендерін білдірді. 

Ляйен "АҚШ-тың биыл Еуропа Одағына кем дегенде 15 миллиард текшеметр сұйытылған табиғи газ жіберуге уәде берудің өзі үлкен бір қадам" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар