Ресей сыртқы қарызының алғашқы төлемін орындады

Ресей үкіметі 117 миллион долларлық төлемнің аяқталғанын хабарлады.

1797324
Ресей сыртқы қарызының алғашқы төлемін орындады

Батыс елдерінің санкциясынан кейін Ресей сыртқы қарызы үшін алғашқы төлемін жүзеге асырды.

Ресей үкіметі уақыты кеше келген  облигациялар үшін 117 миллион долларлық төлемнің аяқталғанын хабарлады.

Ресейдің 300 миллиард долларды құрайтын халықаралық резервтерінің бұғатталуына байланысты облигациялардан туындайтын сыртқы қарызды төлеу үдерісі нәтижесінде дефолтқа ұшырау мүмкіндігі туындаған болатын.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қазына министрлігі жасаған мәлімдемеде америкалық инвесторлардың Ресейдің қарыз төлемдерінен босатылғаны жарияланып еді. Дегенмен санкцияларға байланысты банктердің Ресейдің валюталық төлемдерін қабылдап қабылдамайтыны белгісіз болатын.

Кеңес Одағы әкімшілігі Орыс патшалығы дәуіріндегі сыртқы қарызды мойындамағандықтан, Ресей 1918 жылы ақыры дефолтқа ұшырады. Ел әкімшілігі 1998 жылы экономикалық дағдарыс кезінде де сыртқы қарыздарын төлеуді жалғастырды, бірақ рубльдегі қарыздары салдарынан дефолтқа ұшыраған еді.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастап, батыс елдері де Ресейге қарсы санкциялар салды.



Ұқсас жаңалықтар