Шетелдіктерге үй саудасы артты

Түркия Статистика мекемесі ақпан айының пәтер саудасының статистикасын жариялады.

1795794
Шетелдіктерге үй саудасы артты

Түркияда шетелдіктерге тұрғын үй сату жылдық 54,9 пайыз артты.

Түркия Статистика мекемесі ақпан айының пәтер саудасының статистикасын жариялады.

Түркия көлемінде ақпан айында 97 мың 587 үй сатылды.  Ақпанда сатылған үй саны қаңтар айында сатылған үй санымен салыстырғанда 10,5 пайыз артты, өткен жылдың сол айымен салыстырғанда 20,1 пайыз артты.

Түркия көлемінде ақпан айында шетел азаматтарына 4 мың 591 үй сатылды.

Шетелдіктерге сатылған үй саудасында Стамбул бірінші орын алды.  Шетел азаматтары Стамбулда 1958 үй сатып алды.  Стамбулдан кейін 1099 үймен Анталия, 288 үймен Анкара келеді.

Ақпан айында ең көп үйді Иран азаматтары сатып алды.  Олар Түркиядан 711 үй сатып алды.  Ираннан кейін 633 үймен Ирак, 509 үймен Ресей азаматтары келеді.



Ұқсас жаңалықтар