Еуропада табиғи газ бағасы 10 есе артты

Еуропа Одағы елдері қазір табиғи газ қажетінің 40 пайызын Ресейден алады.

1788687
Еуропада табиғи газ бағасы 10 есе артты

Еуропада табиғи газ бағасы Ресейдің Украинаға әскери операциясында энергия нарқындағы қамдау қиыншылығы себепті бір жылда 10 есе артты.

Еуропада басты орындағы Голландияда орналасқан виртуалды табиғи газ сауда нүктесі TTF биржасында  сәуірдегі келісімшарттардың бағасы мегаватт сағатына 168 евроға жетті. Өткен жылы 10 евро болған мегаватт сағат бағасы бір жылда 10 есе жоғарлады.

Ресейдің Украинаға әскери операциясы себепті Еуропадағы табиғи газ бағасы артуда. Ресейдің Украинаны бомбалауы мен зымыран атуы себепті табиғи газ инфрақұрылымдарының зақымдалуы және газдың тоқтап қалу алаңы бағаға әсер жасауда.

Соғыс жалғасқан жағдайда мұнай және табиғи газбен қамдаушыларға санкция жасалуы мүмкіндігі де бағаны арттырып отыр.

Еуропа Одағы елдері қазір табиғи газ қажетінің 40 пайызын Ресейден алады.



Ұқсас жаңалықтар