Украина, Молдова және Беларусь рейстері тоқтатылды

Ресейдің бір қаласына да рейс тоқтатылды.

1785076
Украина, Молдова және Беларусь рейстері тоқтатылды

Түрік Әуе жолдары THY Украина, Молдова, Беларусь және Ресейдің  Ростов қаласына рейстерін тоқтатты.

THY әлеуметтік медиа аккаунттарынан жасалған мәлімдемеде «2 наурызға дейін Ростов-на-Дону қаласы рейстері, 26 ақпанға дейін Беларусьтен  және 4 наурызға дейін Молдовадан рейстер тоқтатылды» деп хабарланды.

Мәлімдемеде Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 25-26 ақпан күндері де Украина рейстерінің  тоқтатылғаны айтылды.

Жолаушылар билеттерін сатып алған агенттік арқылы, THY веб-сайтынан немесе 08503330849 байланыс орталығынан өзгертіп мен ақшасын қайтарып алуына болады.



Ұқсас жаңалықтар