АҚШ Тайваньмен келісімді бекітті

Тайваньмен зымыран қорғаныс жүйелерін нығайтуға бағытталған 100 миллион долларлық қолдау келісімі жасалған болатын.

1775180
АҚШ Тайваньмен келісімді бекітті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Тайваньмен зымыран қорғаныс жүйелерін нығайтуға бағытталған 100 миллион долларлық қолдау келісімін бекітті.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Тайваньға қолданыстағы әуе қорғаныс зымырандарын және Тайвань сатып алатын американдық Patriot зымырандарын қорғауға көмектесуге бағытталған инженерлік және техникалық қызмет көрсету келісімін жариялады.

Тайвань Қорғаныс министрлігі Twitter-де АҚШ-қа келісімді ратификациялағаны үшін алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар