Трабзонда экспорт жылдам артуда

Президент Ердоған: "225 миллиард доллардан асқан рекорд экспортты еліміздің коронавирус індеті кезеңіндегі табысының белгісі деп қараймыз" деді.

1770497
Трабзонда экспорт жылдам артуда

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркияны тарихтағы ең ірі инвестициямен қауыштыруды жалғастырудамыз" деді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған Трабзон Уәлаят  Ақылдастар Мәжілісінің жиналысында сөз алды.

Ердоған:

"225 миллиард доллардан асқан рекорд экспортты еліміздің жаңа типті коронавирус індеті кезеңіндегі табысының белгісі деп қараймыз. Экпорттағы табыстарымызды жоғары өреге көтереміз" деді.

Президент Ердоған Трабзонда топтық беташардағы сөзінде:

"Елімізге ұлы еңбектер мен қызметтер жасадық" деді. 

Президент Ердоған Трабзонда білім беру мен денсаулық сақтауда барлық ауданды қамтитын көптеген инвестицияның ресми бетін ашқандарын айтып:

"Қаратеңіздің басты қаласы Трабзон өркендесе, бүкіл Түркия өркендейді. Трабзон ілгерлесе, Түркия  ілгерлейді. Трабзонның өсіп дамуы бүкіл Түркияның өсіп, дамуы мағынасына келеді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар