Сарп шекара қақпасында экспорт артты

Сарп шекара қақпасынан 2021 жылы 1 миллиард 131 миллион 797 мың долларлық экспорт жасалды.

1769296
Сарп шекара қақпасында экспорт артты

Түркияның Грузия шекарасындағы Сарп шекара қақпасынан жасалған экспорт өткен жылы 69  пайыз артты.

Сарп азаматтық әкімшілік басқармасының санағына қарағанда Түркияның Кавказ және Орталық Азияға ашылған Сарп шекара қақпасынан өткен жылы 205 мың 407 рет кіру, 242 мың 738 рет шығумен жалпы 448 мың 145 көлік сапары болған. 

Осы көліктердің 365 мың 340-ы сауда мақсатымен кіріп-шыққан жүк көліктерінен құралды.

Артвиннің Хопа ауданы Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Осман Акюрек Сарп шекара қақпасынан 2021 жылы 1 миллиард 131 миллион 797 мың долларлық экспорт жасалғанын айтып:

"Бұрынғы жылдармен салыстырған өсті. 2020 жылы 667 миллион долларлық экспорт жасалған. 69 пайыздық арту болды" деді.

Осман Акюрек импорттың 130 миллион 834 мың доллар болғанын айтып:

"Экономикада экспорт пен импорттың салыстырмасы маңызды. Сарп шекара қақпасында экспорт импорттан 90 пайыз жоғары. Бұл экономикалық тұрғыдан маңызды" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар