Airbus алты мың адамды жұмысқа қабылдайды

Ұшақ өндіруші компания жаңа таланттарды іздейді.

1765262
Airbus алты мың адамды жұмысқа қабылдайды

Еуропалық ұшақ өндіруші Airbus биыл 6000 адамды жұмысқа алатынын мәлімдеді.

Airbus компаниясы жасаған мәлімдемеге қарағанда,  бұл сектор 2 жыл бойы коронавирус індетіне байланысты құлдыраудан кейін қалпына келтіру кезеңін бастады.

Мәлімдемеде компанияның биыл үштен бірі жаңа түлек болуы күтілген 6 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететіні білдірілді.  Айырықша табиғатпен дос ұшақтардың өндірісінде  цифрлық трансформация және кибертехнологиялар саласында жаңа таланттар іздестіріліп жатқаны атап көрсетілді.

Ковид-19 індеті басталғанға дейін Airbus 2019 жылы 768 ұшаққа, 2020 жылы 268 ұшаққа және өткен жылы 507 ұшаққа тапсырыс алған еді.



Ұқсас жаңалықтар