Аяқкиім экспорты артты

Түркияның аяқкиім экспорты 22,9 пайыз артты.

1765130
Аяқкиім экспорты артты

Түркияның аяқкиім экспорты 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 22,9 пайыз артып, алғаш рет 1 миллиард долларға ұласты.  

Экспорт көрсеткіштеріне қарағанда Түркияның тері және тері өнімдері экспорты 2021 жылы 29,6 пайыз артып, 1,73 миллиард доллар ретінде жүзеге асты. 

Аяқкиімде ең көп экспорт Ресейге жүргізілді. Осы елге Түркия 82,5 миллион долларлық аяқкиім сатты.

Ресейден кейін 75,5 миллион доллармен Ирак, 70,1 миллион доллармен Германия келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар