Түркия Қаратеңізде жаңа табиғи газ іздеуге дайындалуда

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез әлеуметтік желіден хабарлама жасады.

1756016
Түркия Қаратеңізде жаңа табиғи газ іздеуге дайындалуда

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасын «Қаратеңіз табиғи газы үшін кері санақ басталды» тақырыпты бейнежазбамен жариялады.

Дөнмез 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қаратеңіз газын азаматтарға жеткізуді мақсат еткендерін атап «Біз Сакария табиғи газ кен орнының іргесіндегі жаңа аумақта зерттеу мақсатты бұрғылауға дайындық үстіндеміз. 2022 жылы болса жақсы жаңалықты халқымызбен бөлісеміз деген сенімдемін» деді.

"Фатих" бұрғылау кемесі (өткен жылы) Қаратеңізде барлығы 540 миллиард текше метр табиғи газ резерві ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар