Ердоған: "2021 жылғы экспорт көрсеткіштері рекорд болып табылады"

Ердоған Стамбулда өткізген баспасөз мәслихатында 2021 жылғы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады.

1756266
Ердоған: "2021 жылғы экспорт көрсеткіштері рекорд болып табылады"

Президент Ердоған «Түркия дағдарыстарды басқаратын, тіпті дағдарыстарды мүмкіндікке айналдыратын елге айналды. 2021 жылға арналған жалпы экспортымыз өткен жылмен салыстырғанда 32,9 пайыз артып, 225 миллиард 368 миллион долларға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш» деді. 

Ердоған «Экспорт жасалатын 75 тақырыптан тұратын өнім тобында республика тарихындағы ең жоғары экспорттық құндылыққа қол жеткіздік» деді. 

Президент сыртқы сауда тапшылығының өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға азайып, 45,9 миллиард долларға дейін төмендегенін, экспорт пен импорттың арақатынасының 83,1 пайызға өскенін білдірді. 

Экспорттағы ең жоғары өсімнің АҚШ-та екенін түсіндірген Президент «Экспортымыз Оңтүстік Америкаға 86,6 пайызға, Еуроодақтан тыс Еуропа елдеріне 29 пайызға, Таяу және Орталық Шығысқа 22,6 пайызға, Африканың солтүстігіне 44,8 пайызға өсті. Біз қазір әлеммен бәсекелесіп жатырмыз. Біз жаһандық негізде жарысамыз. Соңғы 12 айдың 11-інде біз экспорт рекордын жаңарттық. Түркия да бұған қол жеткізді. Түркия осы көрсеткіштермен әлемдік саудада сөз сөйлейтін елге айналды» деді. 

Ердоған түрік лирасымен сауда жасайтын елдер санының күн өткен артқанын атап «2021 жылдан бастап 205 ел және аймақпен экспорттық жұмыстарды ұлттық валютамызбен жүзеге асырдық. Түрік лирасымен сыртқы сауда көлемі 183 миллиард лираға жетті. Тауар саудасындағы өсудің қызмет көрсету саудасы экспортына оң әсер еткенін көреміз» деді. 

Президент Ердоған «2022 жылғы нысанамызды 250 миллиард долларға өзгертеміз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар