Гейтс Түркияда бір ауылшаруашылық фермасын құрмақшы

Билл Гейтстің Түркияда жер іздегені және бір ауылшаруашылық фермасын құруды жоспарлағаны пайымдалуда.

1729303
Гейтс Түркияда бір ауылшаруашылық фермасын құрмақшы

Бірталай уақыттан бері Эгей аймағында өмір сүрген америкалық кәсіпкер, әйгілі Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің Түркияда жер іздегені және бір ауылшаруашылық фермасын құруды жоспарлағаны пайымдалуда.

"Amerikan New York Post " сайтының мағлұматына қарағанда Гейтс бұрынғы жұбайымен бірге басқарған 50 миллиард долларлық байлыққа ие Билл & Мелинда Гейтс қоры үшін Түркияда үлкен бір ауылшаруашылық фермасын құрмақшы.

Гейтс кеше Шотландияның Глазго қаласында ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-шы Климат өзгерісі конференциясында (COP26) сөйлеген сөзінде  диқандардың климат өзгерісіне төзімді өнімдер өндіруіне жәрдем беру үшін 315 миллиард доллар бөлуге уәде берді.

 



Ұқсас жаңалықтар