ЕО мен Катар арасында авиация келісіміне қол қойылды

Авиацияда ашық және әділ бәсеке атмосферасы қамдалады.

1721272
ЕО мен Катар арасында авиация келісіміне қол қойылды

Еуропа Одағы мен Катар арасында авиация келісіміне қол қойылды.

ЕО кеңесі әлеуметтік медиа есебінен Катар және ЕО арасында 2016 жылдан бері келіссөзі жүргізіліп келген авиация келісіміне қол қойылғанын білдірді. Келісімге сәйкес, Катар мен Еуропа Одағына мүше 27 ел сатылы түрде әуе кеңістіктерін авиакомпаниялар үшін ашады.

Еуропа Одағы мен Катар арасындағы рейстерде авиақауіпсіздік, авиақатынас басқару, қоршаған орта және тұтынушы құқықтары секілді стандарттар арттырылады.

Авиацияда ашық және әділ бәсеке атмосферасы қамдалады.

Аталмыш келісім бұрынғы екі жақты келісімдердің орнына күшке енеді. Келісім алдымен ЕО органдары, мүше 27 ел және Катар тарапынан ратификациялануы қажет.



Ұқсас жаңалықтар