Польшаға түрік азаматтары еркін саяхат жасайды

Чавушоғлуның сапары аясында Польша түрік азаматтарына саяхат шектемелерін жойды.

1718017
Польшаға түрік азаматтары еркін саяхат жасайды

Түркияның талпыныстарымен Польша түрік азаматтарына бағытталған  саяхат шектемесін жойды.

Түркия мен Польша Сыртқы істер министрлері кездесуінің нәтижесінде польшаның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті түрік азаматтарына елге кіру шектемесін жойды. 

Польшаға 4-5 қазан күндері сапармен барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу осы тақырыпты польшалық әріптесі Збигнев Раумен кеңесті.

Осыдан кейін Польшаның Ішкі істер және әкімшілік министрлігі елге кіруді шектеу және тоқтатуға бағытталған тәртіпті өзгертті.

Ресми газетте жарияланған шешіммен Түрік азаматтарына 11 қазаннан бастап саяхат мақсатына байланысты шектемелер жойылып, виза сұраныстары еркін жасалады.    



Ұқсас жаңалықтар