Ағылшындар демалыс үшін Түркияны таңдады

Ағылшын туристер үшін тамаша демалыс мекендері арасындағы Түркияға 2019 жылы Ұлыбританиядан 2 миллион 562 мың турист келді.

1697277
Ағылшындар демалыс үшін Түркияны таңдады

Ұлыбританияның маңызды әуежолы компаниясы мен тур операторы EasyJet Holidays-тың сауда директоры Брэд Беннеттс алдағы жылы үшін ең көп сұраныстың Түркияға жасалғанын жариялады.

EasyJet Holidays-тың сауда директоры Брэд Беннеттс Travel Weekly журналына берген сұхбатында 2022 жылы демалыс маусымы үшін резервациялардың қазірден жасала бастағанын айтты. 

Резервацияларда Түркияның алғашқы орынды иелегенін айтқан Брэд Беннеттс:

"Әсіресе Анталияны таңдағандар көп" деді.

Демалыс резервацияларында Түркиядан кейін Португалияның Алгарве аймағы мен Испанияның Мальорка аралы қызықтыруда. 4 жұлдызды "бәрі ішінде" үлгісіндегі қонақ үйлер басты орында екені білдірілді.

Ағылшын The Sun газеті "Түркия 2022 жылдың ең ұнатылған демалыс мекені" тақырыпты хабар жариялады.

Ағылшын туристер үшін тамаша демалыс мекендері арасындағы Түркияға 2019 жылы Ұлыбританиядан 2 миллион 562 мың турист келді. 



Ұқсас жаңалықтар