Жылына 400 мың мигрант керек

Германиядағы жұмыс нарығында сапалы қызметкер мұқтаждығы күн сайын артып отыр.

1696440
Жылына 400 мың мигрант керек

Германия Федералдық Жұмыс агенттігі төрағасы Детлеф Шили еліне жыл сайын 400 мың мигрант керек екенін айтты.

Шили Süddeutsche Zeitung газетіне берген мәлімдемесінде Германиядағы жұмыс нарығында сапалы қызметкер мұқтаждығының күн сайын артып отырғанына назар аударды. «Жылына 400 мың мигрант керек.  Алдынғы жылдарға қарағанда осы көрсеткіш көбірек. Қария немесе науқасты күту саласында қызметкер, техниктер, логистикада мамандар және ғалымдар керек» деді ол.

Мигрант жұмыс күші мен босқын тақырыбының шатастырылмауы керектігін айтқан Шеле «Ол тақырып – гуманитарлық мәселе. Ауғанстаннан келген босқындар жолға шықса,  Германия оларды қабылдау үшін қолынан келгенді істеу керек.  Ал мен үшін жұмыс күші нарығындағы тапшылықты шешу маңызды» деді.

Ол демографиялық өсу себебімен потенциалды жұмысшы санының жыл сайын 150 мың азаятынын айтып,  «келесі жылдары бұл одан сайын нашарлай түседі» деп ескертті.

 



Ұқсас жаңалықтар