Ковид-19 вакцина бағасы өсті

Pfizer-BioNTech компаниясы бір компонент вакцина бағасын 15.50 евродан 19.50 евроға көтергенін хабарлады.

1683647
Ковид-19 вакцина бағасы өсті

Pfizer-BioNTech және Moderna компаниялары Еуропа Одағымен жасалған соңғы келісімдерде коронавирус вакцинасының бағасын өсірді.

Financial Times Pfizer-BioNTech компаниясы бір компонент вакцина бағасын 15.50 евродан 19.50 евроға көтергенін хабарлады.

Moderna компаниясы бұрынғы 22.60 долларлық бағаны 25.50 долларға көтерді.

27 шілдеде үлкен адамдардың 70 пайызына вакцина егілгенін хабарлаған Еуропа Одағы қыркүйек соңында бір миллиард компонент вакцина алуды жоспарлауда.

Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) қазірге дейін Еуроодақ елдерінде Pfizer-BioNTech, Moderna, AstraZeneca және Johnson and Johnson компаниялары өндірген вакциналарды егуге рұқсат берді. 

Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) Sinovac, Curevac, Novavax, Sputnik V және Sanofi Pasteur вакциналарын да бағаландыруда.



Ұқсас жаңалықтар