Құбыр төсеудің 99 пайызы аяқталды

«Академик Черский» кемесінің құбыр төсеу істерін аяқтағаны хабарланды.

1681643
Құбыр төсеудің 99 пайызы аяқталды

Орыс энергетика компаниясы Газпромның «Солтүстік Ағын 2» табиғи газ жобасында құбыр төсеудің 99 пайызын аяқтағаны білдірілді.

«Солтүстік Ағын 2» жобасының атқарушы фирмасы Nord Stream 2 AG-нің хабарламасында міндет атқаратын «Академик Черский» кемесінің құбыр төсеу істерін аяқтағаны хабарланды. Жобада міндет алған «Фортуна» кемесінің болса ісін жалғастырып жатқаны айтылды.

Хабарламада «Осылайша «Солтүстік Ағын 2» жобасында құбыр төсеу ісінің 99 пайызы тамамдалды. «Фортуна» жобаның аяғы үшін жұмыстарын жалғастыруда» деп айтылды.

10 миллиард евроға түсетін жоба арқылы жылына 55 миллиард текшеметр орыс газы Балтық теңізі арқылы Германияға жеткізіледі. Украина, Польша және Балтық елдері қарсы шығып отырған жобаның орақтары арасында Газпроммен бірге Shell, OMV, Engie, Uniper және Wintershall секілді компаниялар бар.

Америка Құрама Штаттары мен Германия 22 маусым күні аталмыш жобаның аяқталуына рұқсат беретін келісімге келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар