Мәскеу ұшағы климаның бұзылуы себепті ұшуды кешіктірді

Rossiya Airlines әуежолы жолаушылардың басқа бір ұшақпен көп кешіктірмей баратын жерге жеткізілетінін хабарлады.

1673542
Мәскеу ұшағы климаның бұзылуы себепті ұшуды кешіктірді

Ресейдің бас қаласы Мәскеуден Анталияға келу үшін ұшуға дайындалған ұшақтағы жолаушылар климаның бұзылуы себепті тыныс алуда қиналғандықтан шарасыз шұғыл шығу есігін ашты.

Ұшуға дайындалған Rossiya Airlines әуежолына қарасты ұшақтың жолаушылары ауасыз қалғандарын айта бастады. 

Тыныс алуда қиналған жолаушылар шара ретінде шұғыл шығу есігін ашып жіберді.

Есігі ашылған ұшақтың шұғыл сыртқа шығу баспалдағы да ашылды.

Қызметкерлер ұшақтағы барлық жолаушыны далаға шығарды.

Rossiya Airlines әуежолы жолаушылардың басқа бір ұшақпен көп кешіктірмей баратын жерге жеткізілетінін хабарлады.

Оқиғаға байланысты тергеу басталғаны, әуежолы компаниясы жолаушылардың барлық шығынын төлейтіні білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар