Францияда IKEA-ға бір миллион еуро жаза берілді

2009-2012 жылы кезеңінде тыңшылық іс-шараларының 400 адамның өміріне әсер еткені білдірілді.

1658684
Францияда IKEA-ға бір миллион еуро жаза берілді

Францияда Швейцарияның жиһаз алыбы IKEA компаниясына "2009-2012 жылы көптеген қызметкеріне қарсы тыңшылық іс-шараларын жасағаны" себепті бір миллион еуро ақша жазасы берілді. 

Француз баспасөзінің хабарына қарағанда Версаль соты IKEA компаниясының лауазымдысы Жан-Луи Байлоға "Қызметкерлердің жұмыс сұрап келген адамдарды бақылау үшін заңсыз жүйе орнатуына бұйрық бергені" себепті 2 жыл түрме жазасы және 50 мың еуро ақша жазасын берген. 

Жан-Луи Байлоның айыптауды қабылдамай, шешімге наразылық көрсететіні білдірілді.

Версаль сотының прокуроры Памела Табардель 30 наурыздағы мәлімдемесінде осы соттың мақсаты жаппай бақылау қаупіне қарсы жекеше өмірді қорғау екенін білдірген болатын.

IKEA Франция жайлы 2 миллион еуро жаза сұралған.

2009-2012 жылы кезеңінде тыңшылық іс-шараларының 400 адамның өміріне әсер жасағаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар