Түрік Әуе жолдары - Түркияның құнды бренді

Brand Finance компаниясы «Түркияның ең құнды брендтері-Түркия 100» атты есебін аяқтады.

1654713
Түрік Әуе жолдары - Түркияның құнды бренді

Түрік Әуе жолдары THY 2021 жылы Түркияның ең құнды бренді болды.

Халықаралық Brand Finance компаниясы 2021 жылғы «Түркияның ең құнды брендтері-Түркия 100» атты есебін аяқтады.

Осыған сәйкес 2019 және 2020 жылдарында болғаны секілді тізімде бірінші орынды 1 миллиард 605 миллион доллармен Түрік Әуе жолдары алды. Артынан 1 миллиард 585 миллион доллармен былтырғыдан үш саты көтерілген Arçelik компаниясы келеді.

Тізімнің үшінші кезегінде 1 миллиард 193 миллион долларлық құнымен өткен жылдан бері бес саты көтерілген İş Bankası орын алды. Garanti BBVA 1 миллиард 190 миллионмен төртінші, Turkcell 1  миллиард 61 миллион құнымен бесінші орында.



Ұқсас жаңалықтар