Құлпынай экспорты артты

Биыл да былтырғы секілді ең көп экспорт жасалған ел Ресей болды.

1653312
Құлпынай экспорты артты

Түркияның құлпынай экспортынан түскен табысы артты.

Жылдың алғашқы бес айында табыс өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 135 пайыз артып, 41 миллион 642 мың долларға жетті.

Эгей Экспортшылар одағының деректеріне қарағанда, былтыр Түркиядан 33 елге 24 миллион 590 мың долларлық құлпынай сатылды. Биыл да былтырғы секілді ең көп экспорт жасалған ел Ресей болды.

Түркия Ресейге биылғы бес айда 24 миллион 312 мың долларлық құлпынай экспортын жасады. Ресейден кейін Румыния мен Ирак келеді.



Ұқсас жаңалықтар