Түркиядан Ұлыбританияға ұшақ рейсі тоқтады

Түркиядан Ұлыбританияға  жүк тасымалынан тыс ұшақ рейстерінің уақытша тоқтағаны хабарланды.

1639555
Түркиядан Ұлыбританияға ұшақ рейсі тоқтады

Түрік Әуе Жолдары Ұлыбританияға Түркиядан ұшатын ұшақ рейстерін уақытша тоқтатты.

Түрік Әуе Жолдарының ресми интернет парақшасынан бөлісілген мәлімдемеде Біріккен Корольдік басшылары тарапынан жасалған шешімге сай 12 мамыр күні  сағат 06.00-ден бастап (Greenwich Mean Time + 3 hours) Түркиядан Ұлыбританияға  жүк тасымалынан тыс ұшақ рейстерінің уақытша тоқтағаны хабарланды. 

Біріккен Корольдіктен Түркияға және Түркия арқылы басқа елдерге ұшақ рейстерінде өзгеріс болмағаны білдірілген  мәлімдемеде шешімге байланысты күнделікті хабарлардың Түрік Әуе Жолдарының ресми интернет парақшасы мен әлеуметтік желісінде жарияланатыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар