Тірі малдың теңіз арқылы экспортына тыйым салды

Егіншілік министрі қазіргі келісімдер себебімен тыйымның толығымен іске қосылуына екі жыл керектігін білдірді.

1621185
Тірі малдың теңіз арқылы экспортына тыйым салды

Жаңа Зеландия малдың қауіпсіздігіне алаңдағандықтан тірі малдың теңіз арқылы экспортына тыйым салды.

Егіншілік министрі Дамиен О’Коннор сиыр және басқа да малдың экспорты үшін күшін жоймаған қазіргі келісімдер себебімен тыйымның толығымен іске қосылуына екі жыл керектігін білдірді.

Елдің абыройының кезкелген қаржылай табыстан маңызды екенін білдірген министр Жаңа Зеландия жағасынан асқаннан кейін малдың қауіпсіздігін қамдаудың әлі бір жолы табылмағанын атап көрсетті. Ол ең ірі сауда серігі және ірі қара мал сатып алушысы Қытайға тыйым туралы мәлімет берілгенін, бірақ әлі жауап ала алмағандарын айтты.

Тыйым шешімінің Қытайға қатысы жоқтығын айтқан министр мәселенің малдың қауіпсіздігіне байланысты екенін білдірді.

Жаңа Зеландия үкіметі 2020 жылы Қытайға бара жатқан 5 800 ірі қара мал тасыған кеме Жапония маңында батып,  40-тан астам экипаж қаза тапқаннан кейін осындай экспортты тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар